Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар теңгеге қарағанда әлсіреді,-деп хабарлайды Adyrna.kz Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таңертеңгі сауда нәтижесіне сәйкес доллар 0,63 теңгеге арзандап, 425,73 теңге болды. ҚР Ұлттық банкінің ресми курсы бойынша 1 доллар - 426,36 теңге болды. Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ұлттық және әлемдік валюта нарығындағы қаржылық ахуал туралы баяндаған болатын. Оның ішінде теңге бағамының әлсіреу себептерін де айтты.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
