41,4 триллион теңге қайда жұмсалады?

5748
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/aқsha_ffffff.jpg
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет шығынына арналған  ақша – 41,4 триллион теңге.  «Адырна» тілшісі LS порталына сілтеме жасап, мемлекеттік органдарға қанша қаржы бөлінетінін хабарлайды.   Экономика саласына арналған үш жылдық бюджет шығыны Қаржы министрлігі –  11 трлн теңге; Индустрия және инфрақұрылымдық даму минситрлігі  –   1,7 трлн теңге; Ауыл шаруашылығы министрлігі –  541,5 млрд теңге; Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министлігі  –   385,7 млрд тенге; Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – 249,7 млрд теңге; Энергетика министрлігі  –  108,1 млрд теңге; Сауда және интеграция министрлігі –  73,3 млрд теңге ақша алуды жоспарлап отыр.   Әлеуметтік салаға арналған үш жылдық бюджет шығыны   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне – 12,6 трлн теңге; Білім және ғылым министрлігіне –  5,1 трлн теңге; Денсаулық сақтау министрлігіне  –  5,1 трлн теңге; Мәдениет және спорт министрлігіне – 333,8 млрд теңге; Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне – 152,8 млрд теңге беріледі.   Құқық қорғау органдарының  үш жылдық бюджет шығыны   Ішкі істер министрлігіне –  1 трлн теңге; Жоғарғы сотқа –  151,9 млрд теңге; Әділет министрлігіне – 112,3 млрд теңге; Бас прокуратураға – 96,5 млрд теңге беріледі.   Қауіпсіздік саласы органдарының  үш жылдық бюджет шығыны   Қорғаныс министрлігі – 880,5 млрд теңге; Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 829 млрд теңге алады.   Өзге салалардың үш жылдық бюджет шығыны   Тұңғыш Президент – Елбасы кеңсесіне – 6,1 млрд теңге; Сыртқы істер министрлігіне – 239 млрд теңге; Президент әкімшілігіне – 25 млрд теңге; Премьер-министр кеңсесіне – 10,9 млрд; Мемлекеттік қызмет істер агенттігіне  –  14,3 млрд теңге бөлуді жоспарлауда.  

 Жанболат Сарқасқа,

"Адырна" ұлттық порталы

Comments