Бүгін, яғни, 27 сәуір ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасайды adyrna.kz.
Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасына:
"Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі", - деп жазды.
Қалың жұрт елімізде тараған коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин мерзімінің қашан аяқталатыны, індеттің таралу мөлшері мен алдағы жағдайы туралы сұрақтарға жауап іздегені белгілі. Аталған мәлімдемеде бүгін осы сұрақтар төңірегінде нақты шаралар мен міндеттер айтылуы мүмкін.
Ұларбек Дәлейұлы
Related news
"Those who have not been vaccinated will not be allowed to work": a new decree of the Chief Sanitary Inspector has been issued