Алматы қаласында коронавирус инфекциясын тағы бір адам жұқтырды. Бұл туралы ҚР ДСМ-ның телеграм каналында хабарлады.
«Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыз, сағат 13:30-дағы жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам — жалпы 57 науқас тіркелді» делінген хабарламада. Айта кетейік, бүгін таңертең елордада тағы 2 адам инфекция жұқтырғанын хабарлағамыз.
Related news
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
