Пентагон: Иран соққысынан АҚШ-тың 109 әскері зардап шекті

3466
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/1578035125-pentagoni-1024x562-1.jpg

АҚШ-тың қорғаныс ведомствосы Иран қарулы күштерінің Ирактағы Американың әскери базасына соққы жасағаннан зардап шеккендер санын жариялады.

8 қаңтарға қараған түні  Иранның зымыран соққысынан америкалық 109 әскер бас сүйек-ми жарақатын алған. Бұл туралы 10 ақпанда Пентагон баспасөз қызметі хабарлады. АҚШ-тың 109 әскери қызметкеріне бас сүйек-ми жарақатын алғаны үшін емделді. Олардың ішінде 76 адам қазір қызметіне оралды, - деп хабарлады ведомствода. Зардап шеккен 27 адам Германияға ем қабылдау үшін жіберілген, кейін олардың ішінен 21 адам АҚШ-қа кеткен. Ал біреуі Иракқа қайтып, қызметтік міндеттемелеріне кіріскен. Айта кетсек, 8 қаңтар күні Иран Ирактағы екі әскери базаға зымыранмен шабуыл жасады. Онда АҚШ әскерилері болған. Бұл соққы 3 қаңтарда Бағдадта иран генералы Касем Сулейманидің өліміне кек алу үшін жасалған.
Comments