Қостанай қаласында үш адам зардап шеккен жол апаты орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
14 маусымда теміржол вокзалы маңында, әл-Фараби мен Темірбаев көшелерінің қиылысында №2 бағыттағы қоғамдық автобус пен Chevrolet жеңіл көлігі соқтығысты.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, соқтығыс салдарынан автобус жолдан шығып кеткен. Апаттан үш адам, соның ішінде бір бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Related news
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".
