Алты Қазақстан азаматы Ираннан эвакуацияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Report.az-ға сілтеп.
Олар Иран мен Әзербайжан шекарасындағы «Астара» бақылау-өткізу пункті арқылы шекарадан өтті.
Шекарадан өткен азаматтарды Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі қарсы алып, оларды Бакуге жеткізуді ұйымдастырған.
Аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарын Ираннан шығару халықаралық ынтымақтастық аясында жүргізілуде. Әзербайжан тарапы транзиттік дәліз ұсыну арқылы бұл процеске қолдау білдірді.
Бұған дейін бірнеше шетелдік мемлекеттер өз азаматтарын Ираннан эвакуациялау үшін Әзербайжаннан көмек сұраған болатын.
Қазіргі уақытта эвакуация жалғасып жатыр. Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі күшейтілген режимде жұмыс істеп, отандастарды елге жеткізу жұмыстарын ұйымдастырып отырғанын хабарлады.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended