Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Президент жеделхатта Ресей халқын мемлекеттік мереке – Ресей күнімен құттықтап, Владимир Путинге елінің өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.
«Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді», – делінген жеделхат мәтінінде.
Айта кетейік, Ресей күні – 12 маусымда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Бұл күн Ресей Федерациясының егемендігі туралы декларация қабылданған тарихи оқиғамен байланысты.
Related news
The Kazakh judoka who was named "Miss Europe" explained why she bit her opponent during the competition
