Қытай жұма күні Тайюань ғарыш айлағынан (Солтүстік Қытайдағы Шаньси провинциясы) интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған жаңа төмен орбиталық жерсеріктер тобын сәтті ұшырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеп.
Бұл – осы сипаттағы төртінші топ және ол Бейжің уақытымен таңғы 04:45-те өзгертілген "Чанчжэн-6" (Long March-6) зымыран-тасығышының көмегімен ұшырылды. Жерсеріктер белгіленген орбитаға сәтті шықты.
"Чанчжэн" сериялы зымыран-тасығыштар үшін бұл – 580-ші ұшу болды.
Related news
“He drove her crazy.” In Aktobe region, a former imam controlled his wife by using religion to intimidate her
A new Prime Minister has been appointed in Kyrgyzstan, and the President has provided an explanation