Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
"Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийдің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Польша халқына құт-береке тіледі.
Related news
“I knew I would score 140”: What’s the secret behind the Unified National Test (UNT) top scorer’s success?
