31 мамырда Астана уақытымен сағат 13:28-де сейсмологтар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Қытай аумағында тіркелген. Жер сілкінісінің нақты координаттары – 42.140° солтүстік ендік пен 81.060° шығыс бойлық.
Мамандардың мәліметінше, зілзаланың қарқындылығы Қазақстан аумағында сезілмеген. Қазіргі таңда апат салдарынан зардап шеккендер немесе жойқын зақым туралы ақпарат жоқ.
Related news
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
