Енді спортшы балалар өзге өңірлердегі жарыстарға патрульдік полициямен бірге баратын болады. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды “Адырна”.
"Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін әрбір балалар орталығы мен лагеріне, көпшілік іс-шаралар өтетін орындарға учаскелік полиция инспекторларын бекітуге тиіс. Балалардың жол-көлік жарақатының профилактикасы мәселесіне ерекше назар аудару керек. Спортшы оқушылар мінген көліктердің жол апатына түсіп, қайғылы жағдайларға
Ішкі істер, төтенше жағдайлар, оқу-ағарту, денсаулық сақтау министрліктері, өңір әкімдіктеріне бірқатар міндеттер жүктелді.
"Барлық ұйымдастыру мәселелері 1 маусымға дейін шешімін табуы керек", - деді Олжас Бектенов.