Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды “Адырна”.
«Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін», – делінген жеделхатта.
Тоқаев қос елдің бірлескен күш-жігерінің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне зор үміт білдірген.
Никушор Дан – Бухарест қаласының экс-мэрі. Ол президент сайлауының екінші кезеңінде оңшыл кандидат Джордже Симионнан басым түскен.
Related news
"There was no basic fire fighting equipment." Mine rescuers told about the security system in the Karaganda mine (VIDEO)
