Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген бельгиялық әнші Лара Фабианның Voices туры аясында өтетін концертте өнер көрсетпек, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Концерт 2025 жылдың 15 мамырында Лондондағы әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында өтеді. OVO Arena Wembley-дің ресми Instagram парақшасында жарияланған.
“Екі феномальды әртіс”, – деп жазылған хабарламада.Сондай-ақ жуырда Димаш өз тыңдармандарына тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісті. Әнші 15 мамыр күні сағат 20:00-де (Астана уақыты) YouTube платформасында “Тау ішінде” атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтетінін хабарлады.
Related news