Норвегиядан ұшырылған неміс зымыраны апатқа ұшырады (ВИДЕО)

1050
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/img_7876-960x500.jpeg?token=aa91bd7de973ea5f54a9291fe060cd7e

Норвегияның Аннейа ғарыш айлағынан ұшырылған немістің Spectrum зымыраны әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлап, жарылып кетті. Оқыс оқиға 30 наурызда болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Германияның Isar Aerospace компаниясы жасап шығарған зымыран ұшып көтерілгеннен кейін шамамен 20 секундтан соң траекториясынан ауытқып кеткен. Ұзындығы 30 метрге жуық, ал салмағы 50 тонналық зымыран Аннейа аралындағы Нордмельдегі ұшыру алаңының жанында құлаған.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұл жобаның құны 400 миллион еуроны құрады. Оны ішінара Германия үкіметі мен Еуропа Одағы қаржыландырды.

https://youtu.be/7vVgTWX6SjU?si=Ip4C8PDnsA8iUrIZ
Comments