Қазақстан АЭС салу бойынша Оңтүстік Корея өкілдерімен кездесті

306
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/aes-960x500.jpg?token=f7a71c1f4c4398e17a0c3d46b7875a88
Қазақстанда АЭС салу бойынша ықтимал ядролық технологиялар жеткізушілерімен жүргізіліп жатқан бәсекелестік диалог аясында Оңтүстік Кореяның KHNP (Korea Hydro & Nuclear Power) компаниясымен кездесу өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Тараптар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, кадр даярлау, жергілікті өндірісті дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев KHNP компаниясының заманауи реакторларды жобалау, салу және пайдалану тәжірибесін атап өтіп, халықаралық серіктестермен ашық әрі әділ бәсекеге негізделген диалог жүргізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. KHNP компаниясының бас директоры Чухо Уанг Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру үшін Оңтүстік Кореяның тәжірибесін ұсынуға дайын екенін мәлімдеп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді», - делінген Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарламасында. Аталмыш кездесу Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша ықтимал ядролық технологиялар жеткізушілерімен жүргізілген келіссөздердің қорытынды кезеңі болды.
Comments