Жаңаөзенде сауда орталығында өрт болды

1769
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/3ed7aef2-e503-4fdb-9bc7-51dd765fe795.jpeg
Жаңаөзенде сауда орталығында өрт болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментімәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақпаратқа сәйкес, 24 наурыз күні 23:20-де қаладағы 1-шағынауданда орналасқан әлі пайдалануға берілмеген «Заңғар» сауда үйінде өрт шыққан. Өрттің жану аумағы – 300 м² құраған. Өрт сөндіруге 2 шақырту бойынша техникалар мен жеке құрам жұмылдырылған. Оның ішінде ТЖД-нің 18 қызметкері мен 6 техникасы, «Семсер» қызметінің 10 адамы мен 3 техникасы тартылған. Өрт құрбандары мен зардап шеккендер жоқ. Аталған фактіге байланысты тергеу басталған. 
Comments