Тбилисиден Алматыға ұшқан Airbus A321 жолаушылар ұшағы Гейдар Алиев халықаралық әуежайына шұғыл қонды. Бұған жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімделі, деп хабарлайды “Адырна”.
Әуежайдың хабарлауынша, қонуға өтініш бергеннен кейін дағдарыс орталығы жұмылдырылды.
“Жерүсті қызметтері өз әрекеттерін жылдам үйлестірді. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 00:25-те сәтті қонды. Жолаушыға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Air Astana Алматыға рейсті кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
"First I made it for my wife". Transcribe.kz is an application that captures the Kazakh voice into text
