АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Украина билігінің президенттік сайлау өткізуге келісім бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Стив Уиткофф бұл туралы америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында айтты.
"Олар (Украина басшылығы – ред.) бұған келісім берді. Украинада сайлау өтеді," – деді Трамптың өкілі.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский елдегі президенттік сайлау соғыс аяқталғаннан кейін ғана алдын ала жоспар бойынша өтетінін мәлімдеген болатын.
Related news
Kazakhstan calls for the development of a phased plan for the complete elimination of nuclear weapons by 2045