Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді

880
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
12 наурызда Астана уақытымен 06:15-те ҚР ТЖМ “ННЦСНИ” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684 км қашықтықта, Өзбекстан аумағында орналасқан. Ол Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылынан 16 км жерде болған. Келес ауданы Абай ауылында және Сарыағаш қаласында 3,0 баллдық сілкініс сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.
Comments