Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында тасжолдар жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«ҚазАвтоЖол» АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына (қатты боран, көрінудің шектелуі) байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының 18 учаскесінде (Астана қаласы, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстары) және облыстық маңызы бар автожолдардың 27 учаскесінде (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстары) қозғалыс жабық.
Жол қызметтері тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Құтқарушылар қазақстандықтарға, әсіресе жүргізушілерге ескерту жасады
Related news
"Historical result": Kazakhstan's young tennis players placed in the top four at the World Championship
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”