СҚО-да Ресей азаматтарының есепшоттары бұғатталды

2059
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/img_7979-960x500.jpeg?token=6dc0e3f7f5dd7384a864a61f8095cbce
Солтүстік Қазақстан облысында Ресей азаматтарының банктік есепшоттары бұғатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КазТАГ-қа сілтеме жасап. Қаржы шоттарына шектеу қою қылмыстық іс аясында жүзеге асырылған. Петропавл қаласының полиция департаменті бұл шараны 7 наурызда қабылдаған. Алайда, шоттардың қашан ашылатыны белгісіз. Жергілікті чаттарда бұғатталған шоттар саны 2 мыңға жуық екені айтылған. Бұғаттау Ресейден мобилизациядан кейін көшіп келген азаматтарға ғана емес, кейбір қазақстандықтарға да әсер еткен. Құзырлы органдар бұл істің дропперлік әрекеттер мен криптовалюта арқылы заңсыз операцияларға байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. СҚО прокуратурасы қылмыстық істің бар екенін растады. "Қазір тергеу аясында банктегі есепшоттарға қатысты шектеу шаралары қабылданды. Бұл шектеулер тексеріс нәтижелеріне байланысты алынады," – деп мәлімдеді ведомство өкілдері. Шоттары бұғатталған азаматтарға құқық қорғау органдарына жүгініп, өздерінің қаржылық белсенділігін тексеруге кеңес беріледі.
Comments