1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды экологиялық науқан өтуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қала тазалығын қамтамасыз ету арқылы оның экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
Науқан бір айға жалғасатындықтан, әр аптаға арнайы іс-шаралар жоспары әзірленген:

- «Таза көшелер» (1-9 наурыз) – аялдамаларды, жол белгілерін тазарту, қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды абаттандыру.
- «Таза саябақтар, скверлер мен таулар» (10-16 наурыз) – табиғи аумақтарда сенбіліктер ұйымдастыру, қоқыс жинау жұмыстары.
- «Таза аулалар» (17-23 наурыз) – аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарын тазалау, абаттандыру элементтерін сырлау және көгалдандыру. Сонымен қатар, «Үздік аула», «Үздік аула сыпырушы», «Үздік бау-бақша» конкурстары өтеді.
- «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» (24 наурыз – 1 сәуір) – ескерткіштерді абаттандыру және жаппай ағаш отырғызу.

Related news
"First I made it for my wife". Transcribe.kz is an application that captures the Kazakh voice into text
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe