Алматы метросындағы жаңартылған уақытша қоршаулардың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
TikTok қолданушыларының бірі станциядағы өзгерістерді көрсететін бейнежазба жариялады. Онда үш қоршауға әйнектер орнатылғаны көрінеді.
"Тағы 10 миллион бөлінді ме?", "14 миллион теңге бөлінгенге ұқсай бастады", "Жақында ол жерде жарнама пайда болады", – деп желі қолданушылары түрлі пікір жазған.
Алматы қаласы әкімдігі мен "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 14 млн теңгеге қатысты ақпаратты да, соманың нақтылығын да растамады.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
