Қазақстандық сейсмологиялық станциялар 1 ақпан күні Астана уақыты бойынша 07:05-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 270 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Казақстандық Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы – 4.5, энергетикалық класы – 9.8.
Жер асты дүмпулері Қазақстан аумағында сезілмеген.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
