Дархан Ахмед-Заки вице-министр қызметінен босатылды

1181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/e22155631deaaa91a5728cd63de7c399_original.1529850.jpg
Дархан Ахмед-Заки Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Ол бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын. Ал 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды", – деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Comments
Other materials