Лукашенко президент сайлауында жеңіске жетті

2029
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/91fcdcd5-0391-4dcc-892a-16a87de24b39-960x500.jpeg?token=7ea2b850d019796dbd5a2df323a02d62

Орталық сайлау комиссиясы Беларусьте өткен президент сайлауының алдын-ала нәтижесін жариялады. Оған сәйкес қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко жеңіске жетіп, 86,82% дауыс жинады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сайлауда Лукашенконың өзге қарсыластарының арасында ең көп дауыс жинаған Сергей Сыранков небәрі 3,21% дауыс жинады. Басқа үміткерлердің көрсеткіштері 1,74%-дан 3,21%-ға дейінгі аралықта болды.

Беларусь заңнамасына сәйкес, сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинаған үміткер жеңіске жетеді.

Айта кетейік, елдегі кезектен тыс жетінші президент сайлауы 21-25 қаңтар аралығында мерзімінен бұрын өткізілді. АҚШ пен Еуропа елдері дауыс беру қорытындысын мойындамайтынын мәлімдеді.

Comments