Алматыда жұмысшы биіктен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Өнер мұражайының құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды. Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында жаңа өнер мұражайының құрылысы жүріп жатыр.
51 жастағы жұмысшы биіктен құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлер оқиғаға орнына полиция мен жедел жәрдемнің келгенін видеоға түсіріп алған.
Қалалық ПД оқиғаға қатысты Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
