Әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы жергілікті полиция қызметі бастығының полиция қызметкерлеріне жолдаған аудиожазбасы таралып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Хабарламада "ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар" деген сөздер айтылған.
Аудио Telegram-арналардың бірінде жарияланғаны айтылды. Онда ер адам полиция қызметкерлеріне "ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар" деп айтқан.
Аталған жағдайға Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Жарияланған жазбада көрсетілген уәждер тексеріліп жатыр. Барлық мән-жайлар анықталады. Полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Related news
More than 960 millions tenge were allocated for the purchase of disaster relief equipment in the WKR