Лос-Анджелестегі өрт. Үйлерді тонау ісіне қатысты коменданттық сағат жарияланды

1522
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/img_3683-960x500.jpeg?token=bd907127be65032ca9f2cf438406f300
Лос-Анджелесте өртке қатысты коменданттық сағат жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеме жасап. Жұма күні кешке жергілікті билік өртке байланысты тұрғындар босатқан Тынық мұхиты Палифик-Палисейдс және Итон аудандарындағы бос қалған үйлер, соның ішінде миллиондаған долларға бағаланған зәулім үйлер тоналуы мүмкін деген қауіпке байланысты жұма күні сағат 18.00-ден таңғы 6.00-ге дейін коменданттық сағат жарияланған. "Талан-тараждың орын алып жатқанының айқын белгілері бар. Кейбіреулердің апаттан аман қалған адамдар тұрып жатқан аймақтарға тонау үшін бара жатқанының айқын белгілері бар", - деді АҚШ-тың қазіргі президенті Байден. Байден Калифорнияда орман өртіне байланысты апатты жағдай жариялады. Бұған дейін Калифорнияда орман өртінен 11 адам қаза тапқаны хабарланған.
Comments