Белгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы 11 қаңтар күні АҚШ-тың Мэриленд штатында жергілікті уақытпен 10:00–де түріктің Diyanet Center of America мешітінде өтеді және сол штаттың зиратына жерленеді. Бұл туралы Америкадағы қазақстандықтар агенттікке мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Мұхтар Мағауиннің жаназасы қаңтардың 11-і, сенбі күні сағат 10:00–де Ленхем қаласындағы түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00–де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00–де Parklawn Memorial зиратында өтеді”, — деп жазылған жазушының ұлы Едіге Мағауиннің отандастарына жіберген хабарламасында.
Еске сала кетсек, бүгін таңда белгілі жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та 85 жасында дүниеден озды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Related news
About 20 flights were delayed. Astana airport was closed due to the emergency landing of the Swissair plane
Department of Almaty city regularly holds receptions of citizens to increase legal literacy of consumers
