Ресейдің бірнеше қаласында ұшуға тыйым салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Нақтырақ, Пенза, Саранск, Саратов, Ульяновск және Қазан әуежайларында рейстер тоқтатылған. Бұл қалаларға шектеулер украиналық әскери дрондардың шабуылына байланысты енгізілген.
"Ресейдің қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні кешке екі рет ел аумағында: Ростов, Воронеж, Белгород, Тула, Орел, Курск және Брянск облыстарының үстінде ұшқышсыз ұшақтардың жойылғанын хабарлады", – делінген ақпаратта.
Related news
The Damu Foundation represented the contribution of Kazakhstani entrepreneurs to the "green economy" in Glasgow
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts
