Қазгидромет синоптиктері Алматы тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"2024 жылғы 17 желтоқсанда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Related news
"First I made it for my wife". Transcribe.kz is an application that captures the Kazakh voice into text
