Елімізде мереке қарсаңында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді

1142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpg?token=38c5ebc3273c5e0766c583d68e9bfd4a
Тәуелсіздік күні қарсаңында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті. ІІМ тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейткенін хабарлады. Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлер мен азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілген.
«Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды», делінген хабарламада.
Comments