Гаджи Гаджиев Қазақстан ауыр атлетика федерациясының жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Астанада өткен қорытынды конференция барысында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысқан.
Жанат Түсіпбеков ұйым басшысы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтағанын жариялап, өз орнына Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды.
Ал конференцияға қатысушылар бұл шешімді бірауыздан қолдады. Солайша Гаджи Гаджиев президент болып сайланды.
Related news
1 million tenge will be given to the families of the Kazakhs killed in the fire in the hostel - Dosaev