Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшісін қызметтен босатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақорда хабарлауынша, Мемлекет басшысының жарлығымен Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Осы қызметке дейін ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған.
Related news
Lavrov's hopes were not fulfilled. Tajikistan openly said that there was no way to the Eurasian Economic Union