Рудныйдағы кәріз құдығынан ер адамның өлі денесі табылды

2171
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/81f40b87-7768-419d-81c6-012256e518ab-960x500.jpeg?token=67fde97ef47c203d4fc7b947e6156d7c
Рудныйда кәріз құдығынан күйіп қалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Марқұмның кім екені әлі анықталмай жатыр. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді. Мәйіт Рудныйдағы кәріз құдығынан табылған. Бұл кәріз құдығында қоқыс жанғаны белгілі болған. Сол үшін полицейлер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
"Тәртіп сақшылары мәйіттің табылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті шаралар жүргізілуде. Барлық мән-жай анықталып жатыр", – делінген ақпаратта.
Comments