Жамбыл облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, апат бүгін Шу ауданында Алматы-Ташкент автожолының 245 шақырымында болды.
«Жолаушылар мінген автобус аударылып қалды. Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу аттанып, 9 адамды жақын маңдағы жол бойында тұрған кафеге эвакуациялады», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Оларға медициналық көмек қажет емес еді.
Related news
More than 960 millions tenge were allocated for the purchase of disaster relief equipment in the WKR