Қостанайда қарттарға несие рәсімдеген пошташы ұсталды

1245
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7561-960x500.jpeg?token=e63a4f7977fc54a5229fe3ffe2d32ca0
Қостанай облысында қарт адамдарға алаяқтық жолмен несие және шағын несие рәсімдеген пошташы ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеп.  Күдіктінің бірқатар алаяқтық әрекеттері әшкереленген. Полицейлердің айтуынша, пошта қызметкері зейнеткерлерден хат немесе зейнетақы алғанын растау үшін суретке түсуді сұраған.
«Оның қылмыстық әрекеті салдарынан Қостанай облысының бес зейнеткері зардап шекті, мысалы, оның екеуіне 1 миллион теңгеден несие, ал қалғандарына шағын несие құжатталған», - деп хабарлады полиция.
Зейнет жасындағы қарттарға келтірілген жалпы шығын 2,3 миллион теңгені құраған.
Comments