Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды

3650
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpg?token=38c5ebc3273c5e0766c583d68e9bfd4a

Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады.

«Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.

Comments