Қостанайда 8 көлік соқтығысып, ірі жол апаты орын алды

1518
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/zhol-apaty-960x500.jpeg?token=08a4349502326e44fa10eb13933283c9
Қостанайдағы үлкен көпірде жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Жол-көлік оқиғасы 11 қазан күні орын алған. Полицияның мәліметінше, жол апаты ауа райының күрт нашарлауына байланысты болған. Апаттың себебі – арақашықтықтың сақталмауы. Жол апатынан ешкім зардап шекпеген, 8 көлік құралдарына зақым келген. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, олар болған оқиғаға құқықтық баға береді.
Comments