Батыс Қазақстан облысында автобус өртенді, Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, бүгін Оралда Григорий Потанин көшесі бойында автобус өртенген. Жоғары температуралық әсерден жақын тұрған жеңіл автомобиль зақымданған.
«Өрт жедел түрде сөндірілді. Өрттің салдарынан 1977 жылы туған жүргізуші жеңіл күйік алып, жедел жәрдем бригадасына табысталды», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттің алдын-ала себебі – техникалық ақаулық.
Related news
Deprivation of the source of life. The Kyrgyz side said that they had no water and they burst out of their minds