Павлодарда бапкер 10 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

1678
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Павлодарда футбол бапкері күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бапкер 10 жастағы қызды зорлады деп күдікке алынған. Құзырлы орган ақпаратты растап, оның қамауға алынғанын мәлімдеді.
"Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ПБ Уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тергеу ісіне қатысты өзге деректер жарияланбайды.
Comments