Париж Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған қытайлық гимнаст даяшы қызметін жалғастыруда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеп.
Олимпиада жүлдегері ата-анасына тиесілі шағын тамақтану орнында қонақтарға қызмет көрсетіп жатыр.
Күміс жүлдегер Яцинь Чжоу Парижде өткен ойындарда күмісті еншілеп, талқылауға түскен. Жеңімпаз жоғары жетістікке жеткеніне қарамастан, ата-анасына көмегін көрсетіп жүр.
Яцинь Чжоу Олимпиадада марапаттау рәсімінде Италия спортшыларына таңдана қарауымен ерекше назарға ілінді.
Ол 2005 жылы туған Қытайдың жас спортшыларының бірі.
Related news
A new Prime Minister has been appointed in Kyrgyzstan, and the President has provided an explanation
“He drove her crazy.” In Aktobe region, a former imam controlled his wife by using religion to intimidate her
