Ақтөбе облысында 2 жұмысшы кәріз тазалау кезінде қайтыс болды

1764
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/f2c5fcfc-5768-4944-8263-bdc5f2ecbbde-960x500.jpeg?token=9ec1c26764e6dc8e678e560cc29afcc0
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында кәріз тазарту кезінде екі адам қаза тауып, тағы екі адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы. 
Мәлімет бойынша, қаза тапқан екі ер адам да 1966 жылы туған. Жұмысшылар жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті.
«Метан газымен уланған екі зардап шеккен адамды (1978 және 1971 жылы туған ер адамдар) 103 бригадасы Ембі аудандық ауруханасына жеткізді. Соматикалық бөлімшеге жатқызылды, дезинтоксикациялық терапия жүргізіледі. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Гемодинамика тұрақты», - деп атап өтті ведомствода. Полиция істі ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 4-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша тергеп жатыр.
Comments