Екібастұзда "Богатырь" компаниясының 24 кеншісі мінген автобус жол жиегіне аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.
"ПАЗ маркалы автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған. Автобус салонында компанияның 24 қызметкері болған. Жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ",- деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді
Related news
The situation is getting worse". The XXI meeting of the Congress of Leaders of World and Traditional Religions has started in Astana