Алтынға үміткер. Тағы бір спортшымыз финалға шықты

1834
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_3527-960x500.jpeg?token=cacfad62702653406196513781f7e657
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен Демеу Жадыраев жартылай финалда қарсыласын ұтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Демеу жартылай финалда әзербайжан жігіті Санан Сулеймановпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. Нәтжесінде қазақ балуаны қарсыласын 6:1 есебімен айқын ұтты.
Қазақ жігіті 34 жаста. Ол 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатында бірнеше мәрте жүлдегер атанған спортшы. Енді финалдық кездесулер 7 тамызға жоспарланған.
Comments