Оралда бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен азамат өлі күйінде табылды

1836
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_6428.jpeg
27 маусымда жоғалып кеткен Орал қаласының тұрғыны Жеткерген Жамбыловтың өлі денесі табылды. Полицейлердің мәліметінше, 21 жастағы жігітті бәз біреулер өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап. Айтуларынша, жас жігіт «Строитель» шағын ауданындағы үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған. Жігіттің туыстары полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын бастады, бірақ Жеткергенді тірідей таба алмады. «Адам өлтірді» деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғыны ұсталды, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Comments