Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Армениядан экстрадацияланды

1735
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/photo-output-17-960x500.jpeg?token=345099cea2d8f43729339ff96365f3e1
Бүгін Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Күдікті 2019-2021 жылдар аралығында Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының бөлімшесін басқарып, 167 млн теңгеден астам сомаға 40-қа жуық адамды алдаған. Қылмыс жасалғаннан кейін Арменияда жасырынған. Қазір күдікті елге экстрацияланып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Аталған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Comments