Балқаш көлінде төрт балықшыны ағыс алып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қарағанды облысында қиын жағдайға тап болған 4 балықшы құтқарылды.
Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінде балықшылар қайықпен жүзіп, өз бетімен шыға алмаған.
«Құтқарушылар 30 минуттың ішінде қайықтағы балықшыларды тауып, жағаға шығарды. Балықшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, оларға медициналық көмек қажет емес», - делінген Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Related news
"I will stop the Nazarbayev clan": Hasen Kozhakhmet announced that he wanted to become the President of the Republic of Kazakhstan